Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Сапасы нашар жолдарға қай басқарма жауапты?

фото: ашық дереккөз

Сапасы нашар жолдарға қай басқарма жауапты?

14.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
24
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Шұрық-тесік жолдардың салдарынан жыл сайын жүздеген жүргізуші зардап шегіп жатыр. Бір аймақтарда бұл мәселе шешіліп жатса, басқа өңірлерде адамдар әлі де қиналуда. Осы орайда бұл жолдар неліктен дұрыс жасалынбайды және бұған кім жауапты деген сұрақ туындайды. Информ бюро бағдарламасына сілтеме жасап kaskelen.kz тілшісі жауап табуға тырысты.

Мәліметтерге сүйенсек, көлік шұрық-тесік жолға түсіп зақымданса, бірден тоқтау керек. Темір тұлпар ішінде зардап шеккендер болса жедел жәрдем қызметін шақыртқан жөн.

Бұдан кейін 15 метр жерге апат белгісін қойып, полицияға қоңырау шалу қажет. Содан соң куәгер тауып, аты-жөнін жазып алғаныңыз дұрыс болады. Оқиға орнында еш нәрсені қозғамай, барлығын фото-видеоға түсіріп алу да маңызды.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Заңгерлердің сөзінше, осыдан кейін бүлінген көліктің шығынын есептеу басталады. Осы орайда көлік түсіп кеткен шұңқырды, зақымданған әр бөлшекті белгілеп алу керек. Кейін барлық дәлелді алып, үкімет порталы арқылы тиісті орындарға арыздана аласыз. Мамандар полиция хаттама толтырып, жауапты органдарға тапсыруға міндетті дейді.

Заңгер Ермек Қойшинов арызданушының талаптары ескерілмесе, жауапты орган өтемақы төлейтінін айтты.

“ҚР “Жол қозғалысы туралы” заңнама нормаларына сәйкес еліміздің әр азаматы жолдарда қауіпсіз, қолайлы жағдай жасалуын талап ете алады. Еліміздегі барлық жол тегіс, түзу болуы керек. Ал осы талаптар ескерілмесе, жауапты органнан өтемақы талап етуге болады. Ол ашық тұрған құдықтар болса, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, шұрық- тесік жолдар болса, автомобиль жолдары басқармасы, ал республикалық маңызы бар жолдар болса, көлік министрлігі жауап береді”, – деді заңгер.

Заңгерлер бұл істі сотқа дейін жеткізуге болатынына сенімді. Сот жәбірленуші тараптың шағымын қанағаттандырса, оның орындалуын, яғни өтемақыны төлеуіне қол жеткізу керек. Ал осы арқылы шұрық-тесік жолдарды жөндеуді міндеттеуге болатынын да айтты.

Еске сала кетейік, 12 наурызда Семейде қатты жел салдарынан көпірдің жақтауы жартылай опырылып түсті. Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 15 метр болатын қоршауы құлап кеткен. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл бағытта жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жабылғанын мәлімдеді.

Тег: басқармажол

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Қазақстанды қанша босқын паналап отыр?

Қазақстанды қанша босқын паналап отыр?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz