Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Су ресурстары мен суару саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

фото: pixabay.com

Су ресурстары мен суару саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

19.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Су ресурстарын тиімді басқару шараларын әзірлеп, енгізу көптеген елдермен қатар, еліміз үшін де аса маңызды. Бұл тұрғыда Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен әзірленген жаңа Су кодексі жобасының маңызы ерекше. Құжат Парламент Мәжілісіне енгізілген және су тасқыны мен құрғақшылық сияқты төтенше жағдайларды болжау, жоспарлау және оларға уақытылы ден қоюды қамтамасыз ете отырып, заманауи су ресурстарын пайдаланудың маңызды құралына айналады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

PrimeMinister.kz редакциясы су ресурстары мен суару саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілді, еліміздің су заңнамасы қалай жаңғыртылатыны туралы Министрліктің 2024 жылғы I жартыжылдықтағы жұмысының қорытындылары қамтылған шолу материалын ұсынады.

Қазақстанның су шаруашылығы саласын трансформациялау шеңберінде үш негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Біріншісі – су үнемдеу саясатын қалыптастыруға, сұранысты басқаруға, тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалануға бағытталған түбегейлі жаңа нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр. Жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес тазартылған сарқынды сулар сумен жабдықтау көздерінің біріне айналып, экономика салаларында белсенді түрде пайдаланылатын болады.

Екіншісі – су шаруашылығы инфрақұрылымын толыққанды жаңғырту, су үнемдеудің озық технологияларын енгізу, суды есепке алу мен бөлуді цифрландыру, сонымен қатар жаңа тарифтік саясат пен халық, кәсіпорындар арасында су үнемдеу мәдениетін енгізу.

Үшіншісі – көрші мемлекеттермен трансшекаралық ынтымақтастықты күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұған қоса Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді, бұл су ресурстарын сақтау әрі ұтымды пайдалану жөніндегі бірлескен жобалар мен бастамалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Нормативтік-құқықтық база

Жаңа Су кодексі жобасында суды пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістер талқыланды. Осылайша, құжат жобасы уәкілетті ведомство мен бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын жүктейді. Қолданыстағы Кәсіпкерлік кодекске бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейту, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандарын өзгерту, сондай-ақ жедел әрекет етудің жаңа құралдарын енгізу бойынша толықтырулар енгізу ұсынылады.

Су саласын цифрландыру, шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу және неғұрлым үнемді ауыл шаруашылығы дақылдарына көшу шаралары басқа стратегиялық құжатта көрсетілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік 2024-2026 жылдарға арналған Су үнемдеу жөніндегі жол картасын әзірледі.

Халықаралық ынтымақтастық

2024 жылдың басынан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық Қазақстанға өтті. Бейінді министрлік Дүниежүзілік банкпен бірге іске асырылатын Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңін іске асыруды жоспарлап отыр.

Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 86 отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов суару маусымы кезінде «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы Қазақстанға 922 млн текше метр су беру туралы уағдаласты.

Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33 отырысында Қазақстанға Қырғызстаннан Шу өзені бойынша 180 млн текше метр және Талас өзені бойынша 380 млн текше метр су беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар Қазақстан Өзбекстанмен екі ел тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін есептегіштерді орнату туралы келісті. Бұл ретте Қазақстан Өзбекстан аумағында есептегіштер орнатады, ал өзбек жағы — бізге.

Шаруаларды қолдау

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, су үнемдеу жүйелерін орнатқан фермерлерге субсидияларды 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты, бұл қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алу және барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізу шығындарын өтеуге көмектеседі. Ұңғымаларды бұрғылау шығындарын субсидиялау көлемі 80%-ға дейін өсті.

Елімізде суару маусымы басталғалы 20 мыңнан астам шаруаға 2,8 млрд текше метр су берілді. Бүгінгі таңда вегетация кезеңі штаттық кестеге сай өтіп жатыр.

Суару маусымына дайындық барысында 102 гидропост жөнделді және қалпына келтірілді, 775 гидропост аттестаттаудан өтті. Ауыл шаруашылығы алқаптарына су беруді жақсарту үшін 6 облыста 651 шақырымнан астам суару желілері тазартылды. Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде 74 гидротехникалық құрылыс жөнделді.

Жыл басында шаруалардың өтініші бойынша су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК филиалдарына фермерлермен делдалсыз тікелей шарт жасасуды тапсырды. Осының нәтижесінде биыл бірқатар өңірде шаруалар үшін суармалы судың бағасы арзандады.

 

Тег: су ресурстарысуару

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Шығысқа Ресейден газ тартылған жағдайда бағасы қандай болады?

Шығысқа Ресейден газ тартылған жағдайда бағасы қандай болады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz