Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Талғар қаласында он тоғыз жастағы бала 79 жастағы әжені соққыға жықты

Талғар қаласында он тоғыз жастағы бала 79 жастағы әжені соққыға жықты

13.09.2023
Жаңалықтар
254
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысы Талғар қаласында 19 жастағы ер адам 79 жастағы қарияның үйіне баса көктеп кіріп, оны ұрып-соғып, зорламақ болған деп хабарлайды Kaskelen.kz

“Әжем күтпеген жағдайға тап болды. Бұл оқиға бойынша кімге жүгінерімді білмеймін. Ешкім көмектесе алмай жатыр. 

Түнде 19 жастағы қылмыскер әжемнің есігін бұзып кірген. Оны зорлап, тұншықтырғысы келген. Ол әжемнің бетінен, кеудесі мен ішінен ұрып-соққан. Ер адам денелі әрі бойы ұзын.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Айқайлаған дауысты естіген көршілер көмекке келген кезде, күдікті қашып кеткен. Екі күннен кейін ол басқа жерде көлік ұрламақ болған жерінен ұсталды. Отбасымызда үш әйелміз, ер адам жоқ. Не істерімізді білмейміз. Бәрі жанымызда қаскөй тұратынын білгенін қалаймыз және әділдікке жеткіміз келеді. 

Тергеуші бұл істі тек тұрғын үйге басып кіру бабы бойынша ғана қарап жатыр. Ал зорлау бойынша шағымға ешбір жауап болмаған”, – деді қарияның қызы. 

Алматы облысы Еңбекшіқазақ

ауданының Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

“2023 жылғы 23 маусымда Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына аталған факт бойынша хабарлама түсті. 2023 жылғы 22 маусымда сағат 23.00-де 1945 жылы туған Д. есімді азаматшаның үйіне белгісіз тұлға заңсыз кіріп, денсаулығына зиян келтірген. Аталған дерек 2023 жылғы 24 маусымдағы ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігімен ҚР ҚК-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 2005 жылы туған Т. есімді азаматты ұстады. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде осы оқиғаның барлық мән-жайларын объективті, толық және жан-жақты зерделеу үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының шеңберіндегі өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Тег: Зорлық зомбылықкаскеленкз

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Блогер Zheka Fatbelly-ге қайын атасы су жаңа темір тұлпар сыйлады

Блогер Zheka Fatbelly-ге қайын атасы су жаңа темір тұлпар сыйлады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz