Қазақстанда ТМД елдері арасында кино билеттерінің бағасы ең қымбат, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Елімізде билеттің орташа құны – шамамен 6 доллар, яғни 2,5 мың теңге. Бұған қоса бір жыл ішінде кинотеатрлар қызметі 14%-ға қымбаттады. Ең көп өсім Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалды. Ал Түркістандағы ең қымбат кинотеатр қызметі – 2700 теңге. Қарағандыда 1400 теңге.
Еліміз кино қызметінің құны бойынша әлемде 31 орында. Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжанда салыстырмалы түрде билет әлдеқайда арзан. Ең төмен бағалар Иран мен Шри-Ланкада. Ең жоғарылары Швейцарияда, Данияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде.