Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Түркиядағы бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

Түркиядағы бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

13.11.2023
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, Түркиядағы миллионнан астам қонақүй төсектері тұрақты туризм стандарттарына сәйкес тексеріліп, сертификаттарын алды.
Түркияның Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасы шеңберінде 1 044 189 төсектік 7 500-ден астам қонақүй тұрақты туризм талаптарына сәйкес сертификациядан өтті. Жаһандық тұрақты туризм кеңесімен серіктестесе отырып дайындалған бағдарлама бойынша Түркия үкіметтік деңгейде келісімге қол қойған әлемдегі алғашқы ел саналады.

Лондондағы Дүниежүзілік туристік нарық конференциясының алғашқы күнінде Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мырза: «2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркияға келген туристер саны 12 пайыздан астам көрсеткішке артып, 45 миллион 230 069 адамға жетті. Ұлыбритания – біздің негізгі мақсатты нарықтарымыздың бірі. Биыл 29 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Бодрумда жыл сайынғы ABTA туристік конференциясының ұйымдастырылуы осыны дәлелдейді. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркияға 3 157 421 британдық турист келді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артық. Біз туризм индустриясын дамытуға көп көңіл бөлсек те, болашақ ұрпақ үшін еліміздің ресурстарын сақтауға мүдделіміз. Осы орайда, WTM-де жергілікті өнеркәсіп өкілдерімен біріге отырып, бірегей туристік бағыттар мен өнімдерімізді ұсынамыз. Сонымен қатарТұрақты туризм жөніндегі Ұлттық бағдарламамыздың алға қойған мақсаттарына жету жолында жылдам әрі тиімді ілгерілеушілік бар. 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында Түркияға 45 миллионнан астам адам келген. Маңызды туристік аймақтарындағы миллионнан астам қонақүй төсектері тұрақты түрде расталған және сертификатталған. Түркияға шетелдік қонақтардың едәуір бөлігінің осы қонақүйлерде демалатынын көруге қуаныштымыз», – деді.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

12.07.2025
Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

12.07.2025

Түркия тұрақты туризмге «міндетті» көзқарасты ұстанатын әлемдегі санаулы елдердің бірі саналады. Төрт негізгі туристік аймақтағы Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасының орындалу барысында Антальяда – 1144, Стамбұлда – 966, Муглада – 639 және Измирде 488 нысадары тексеріліп, сертификатталды.

Ұқсас материалдар

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

12.07.2025

Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы сатып алуға ұсынылмайтын 28 тұрғын үй кешенінен тұратын арнайы тізімді жариялады. Тізімге түрлі аудандарда...

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

12.07.2025

«Қазтелерадио» АҚ Көктөбе телемұнарасында жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. Осыған байланысты 15–18 шілде аралығында бірқатар телеарна мен радиостанцияның қызметі...

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Келесі
“Өзін-өзі атты дегенге қол қойған – туысқандары”: Мақпал Жүнісова жарының өлімі жайлы жаңа деректер айтты

"Өзін-өзі атты дегенге қол қойған – туысқандары": Мақпал Жүнісова жарының өлімі жайлы жаңа деректер айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz