Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Жан қалауым қанағаттанбады”: әнші Балжан Бидаш Жаһан Отарғалиевпен ажырасу себебін айтты

“Жан қалауым қанағаттанбады”: әнші Балжан Бидаш Жаһан Отарғалиевпен ажырасу себебін айтты

09.10.2023
Жаңалықтар
817
👁️
WhatsappTelegramFacebook

«Кеш YOU» тобының экс-әншісі Балжан Бидаш және актер-продюсер Жаһан Отарғалиев осыдан 3 ай бұрын ажырасқан еді. Әнші экс-күйеуімен ажырасу себебін Harper’s BAZAAR Kazakhstan басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады kaskelen.kz.

Балжан Бидаштың айтуынша, өмірде бақытты болу үшін тәтті тамақ пен жақсы киім кию, аздық етеді. Ең бастысы жүрек тыныштығы керек екен.

“Еркімнен тыс дүниелерді жасауға мәжбүр болғандықтан, жан қалауым қанағаттанбағандықтан арамызда түсініспеушілік орнады. Мұның бәрі соңында, ортамызды суытты”, – деді ол.

Сондай-ақ, ажырасқандары туралы бірінші Жаһан Отарғалиев жариялағанда қандай сезімде болғанын жеткізді. Айтуынша, бұл видео ешқандай эмоция тудырмаған. Себебі дәл сол сәтті оған бәрібір болған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

“Жаһанның қызба мінезді екенін білемін. Кейіннен  сол ісіне өкініп қалғандай болды. Негізі Жаһан өте мейірімді адам, сенімді дос, алған бетінен қайтпайтын, мақсатына жетпей қоймайтын жан”.

Отбасылық өмірде үйренгені көп екенін айтқан Балжан Бидаш еш өкінбейтінін жеткізді. Тұрмыста болғанында түсінгені – әйелдің ішкі және сыртқы бейнесі ер адамға байланысты екен.

“Ол тірлікке икемді ме жоқ па, бұл бастысы емес, бастысы бірі біріне деген қолдауы. Әйел күйеуінің қолдауының, махаббатының арқасында нәзіктікте жүру керек. Айтпағым, ол пысық па, жоқ па, тірлікке ебі бар ма, өзіне қалай қарайды маңыздысы ол емес”, – деген Балжан тұрмыста түйгенімен бөлісті.

Айтуынша, қайта қосылулары мүмкін емес. Себебі екеуінің табиғаты екі бөлек. Жаһанның кешірім сұрауы да басқаша екен. Өзінің адамы екенін түсінген. Тіпті екі жаққа кеткеннен кейін дос болып сөйлесіп те жүрген. Сол аралықта Жаһан қайта қосылуға ұсыныс білдіргенімен, Балжан келіспеген.

“Айырылысқанымызға 3 айдан асты. Бастапқы екі ай өте қиын болды. Жұмысқа бірден кірісіп, алдануға тырыстым. Қанша дегенмен, бауыр басып үлгердім. Сағыну болды.  Бірақ уақыт тез өтіп кетті. Жаратушыдан да қолдау сездім. Соңғы нүктеге өзім шешім қабылдағандықтан «қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер» деген жауапкершілік болды”, – деп түйді ол.

 

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
“Қар жаууы мүмкін”: Алдағы күндерге ауа райы болжамы

"Қар жаууы мүмкін": Алдағы күндерге ауа райы болжамы

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz