“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында Қазақстанда екі жыл ішінде 369 жаңа форматтағы мектеп салынады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.
Үкіметтің хабарлауынша, жоба аясында 740 мың оқушыға арналған 369 заманауи жаңа форматты мектеп салу жоспарланған. 205 білім беру нысаны қалаларда, 164 ауылда салынады.
217 ғимараттың құрылысы 2024 жылға, тағы 152 ғимарат 2025 жылға жоспарланған.
Жалпы, мектеп құрылысы бойынша жобаны іске асыруға 2,4 трлн теңге бөлінеді.