Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жаңа салық саясатынан кәсіпкерлер қиналып жатыр ма?

фото: pixabay.com

Жаңа салық саясатынан кәсіпкерлер қиналып жатыр ма?

26.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Астанада жаңа салық кодексін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан құрылысшылар одағы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және “Атамекен” ҚР ҰКП-мен бірлесіп ұйымдастырды. Талқылау барысында кәсіпкерлер жаңа кодекстің кейбір нормаларына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Олар бизнес үшін салық саясатының қатайып бара жатқанын жасырмады. Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев салық кодексінің күрделілігіне байланысты бизнестің бір бөлігі көлеңкеде қалуы мүмкін екенін атап өтті. “БК Аудит” компаниясының директоры Айжан Балакешова жаңа салық кодексінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді. Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Қанат Елеусізов салық заңнамасы мемлекеттік реттеу саласына кірмейтінін айтты.

«Салық кодексінде тексеру, айыппұлдар сияқты құралдар бар. Мұның бәрі мемлекеттік реттеуге қатысты. Біз бұл кодекстің заңға тәуелді актілерге айналу қаупін көріп отырмыз. Бұйрық ешкімнің келісімінсіз шығарылды. Салық кодексі бизнесті жояды деп айтуға әбден болады», – деді ол.

Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Ерлан Сағнаев жаңа салық кодексі бойынша жұмыс тобы барлық ұсыныстарды талқылап жатқанын, өтінімдер жергілікті жерде қалмайтынын айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

«Бізге мыңнан астам ұсыныс түсті. Сарапшылар бизнес мәселелерін талқылауға қатысты. Кодекс жобасын әзірлеумен қатар біз халықаралық сарапшылармен тәсілдер турасында көп кеңестік. Дүниежүзілік банк те, Халықаралық валюта қоры да бірауыздан бізге былай дейді: «Әріптестер, арнаулы салық режимі – бұл салықтық міндеттемелерді оңайлатылған орындаудың бір түрі ғана және салықтық міндеттемелерді орындауды қысқарту деген сөз емес», – деді Сағнаев.

Министрлік өкілі мемлекеттік маңызы бар орасан зор істерді жоққа шығармауға шақырды. Ол салық кодексінің барлық жобасы бизнестің де, халықтың да талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

Тег: кәсіпкерсалық

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Теңге қалай жасалады?

Теңге қалай жасалады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz