Шымкенттегі ықшамаудандардың бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ мәліметіне сүйенсек, 21 желтоқсанда Нұрсәт шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Шымкент полицейлері өлі күйінде табылған сәбидің анасын іздестіріп жатыр.
Дерекке байланысты Қаратау ауданының 102 полиция бөлімшесіне хабарлама түскен.
Қазір полицейлер көз жұмған сәбидің анасын іздестіруде. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы қылмыстық іс қозғалды.