Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жасанды интеллект демократияға қауіп төндіре ме?

Жасанды интеллект демократияға қауіп төндіре ме?

05.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жасанды интеллекттің дамуы бізді қуантпай қоймайды. Бұрын басымыз қататын мәселелерді қазір ақылды құрылғылар шешіп беретін деңгейге жеттік. Алайда бұл үрдістің тек пайдасы ғана бар ма? Ұлыбритания билігі осы жылдың екінші жартысына жоспарланған сайлаудың әділ өтуіне жасанды интеллект кері ықпал етеді деп қауіптенеді. Өйткені соңғы уақытта саясаткерлердің жалған видеолары мен аудио жазбалары желіде қаптап кеткен. Технологиялық компаниялар мен үкімет бірлесіп шара қолданбаса, фейктер түрлі шиеленістерге алып келуі мүмкін, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Ниеті қара мемлекеттердің атынан әрекет ететін қылмыскерлер жасанды интеллект көмегімен сайлау нәтижелерін бұрмалауы мүмкін, деп мәлімдеді Ішкі істер министрі.

Кремний алқабының басшыларымен кездесу кезінде Джеймс Клеверли саяси науқанның өтуіне жылдам дамыған технологиялардың кесірі тию ықтимал деді.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

12.07.2025
Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

12.07.2025

«Әрине, жасанды интеллектің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Сондықтан ықтималды қауіп-қатердің алдын алу маңызды. Өнімділікті арттыру үшін технологиялық компаниялар Ұлыбритания үкіметімен ынтымақтықта жұмыс істейді деген үміттемін», — дейді Ұлыбритания Ішкі істер министрі Джеймс Клеверли.

Осы жылы Ұлыбритания, АҚШ және Үндістан сияқты көптеген елде сайлау өтіп, шамамен 2 млрд адам дауыс береді деген болжам бар.

«Рас-өтірігін ажырату қиын видео және аудио материалдардың мақсаты — елдегі демократиялық үдерістірге нұқсан келтіру», – дейді саясаткер.

Өткен жылы Лейбористер партиясының көшбасшысы Кир Стармердің әріптестеріне айқайлап, бейәдеп сөздер айтып жатқаны әлеуметтік желілерде тарады.

Кейін бұл — жасанды интеллект жасаған жалған аудиожазба екендігі мәлім болды. Лондон мэрі Садик Ханның да даусы қақтығыстарға ұласуы мүмкін дау-дамай туғыза жаздады.

Полиция аудиожазбаны зерттеп, «қылмыстық құқық бұзушылық емес» деген қорытындыға келді. Сарапшылар дипфейкпен күрес жүргізілмесе, демократияға қауіп төнеді деп есептейді.

«Дипфейкті анықтау механизмдері дамып жатыр. Мысалы, Интел компаниясы терінің астындағы қан айналымын зерттеу арқылы жалған видеоларды табатын технология ойлап тапты. Бірақ олар жетілдірілген сайын жасанды интеллект те тез дамып келеді және бұрынғыдан да сапалы контент ұсынуда. Әсіресе, аудиожазбаның рас-өтірігін әшкерелеу қиынға түсуде», — дейді Century Tech компаниясының бас директоры Прия Лакхани.

Жақында жаһандық технологиялық компаниялар жасанды интеллектен келетін қауіптің алдын алу үшін «ақылға қонымды қауіпсіздік шараларын» қолдану туралы ерікті келісімге қол қойды.

Олар өз өнімдерін зерттеуге рұқсат беруге және бұл саланы бірлесіп басқаруға келісті. «Жасанды интеллектің сайлауға ықпалы өзімізді де қатты алаңдатады» дейді осы саладағы ең танымал тұлға.

«Индустрия мен үкіметтер бірлесіп әрі жылдам әрекет ете алады деген үміттеміз. Біз қолданатын құрал жеткілікті. Бұл бағытта көп нәрсе істей аламыз және істеп жатырмыз да. Мәселен, ChatGPT бас тартатын тапсырмалар бар. Қадағалау саясатын ұстана отырып, жалған жаңалықтарды жасап жатқан адамды анықтай аламыз», — дейді OpenAI компаниясының бас директоры Сэмюэл Альтман.

Бірақ барлығының ойы бір жерден шығады: ешбір компания, үкімет немесе азаматтық қоғам ұйымы бұл технологияның ықтималды қаупімен жеке-дара және толыққанды күресе алмайды. Сондықтан адамдар сыни пайымдай білу қасиетінен ешқашан арылмауым керек.

«Жасанды интеллектен қорқуға еш себеп жоқ. Ойлай білу қасиетімізден ада болмасақ болды. Бірақ егер сіз фактілерді пікірлерден ажырата алмасаңыз және ChatGPT нұсқауларын шартсыз орындасаңыз, қауіпті аймаққа кіресіз», — дейді Франциядағы Экономикалық әріптестік және даму ұйымы департаментінің директоры Андреас Шлейхер.

Қауесет пен өсек-аяңнан бөлек желідегі ақпаратты да саралай алу керек.

Ғаламтордағы дүниелерді талдай білуге балаларды ғана үйретіп қоймай, ересектерді де тарту керек дейді, сарапшылар.

Тег: Жасанды интеллект

Ұқсас материалдар

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

12.07.2025

Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы сатып алуға ұсынылмайтын 28 тұрғын үй кешенінен тұратын арнайы тізімді жариялады. Тізімге түрлі аудандарда...

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

Қазақстанда ондаған телеарна мен радиостанция уақытша жұмысын тоқтатады

12.07.2025

«Қазтелерадио» АҚ Көктөбе телемұнарасында жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. Осыған байланысты 15–18 шілде аралығында бірқатар телеарна мен радиостанцияның қызметі...

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Келесі
Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

Қазақстандықтарға кредит берілмеуі мүмкін!

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz