Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жекеменшік мектептердің басты проблемасы қандай?

фото: pixabay.com

Жекеменшік мектептердің басты проблемасы қандай?

05.09.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
20
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептердегі мәселені көтерді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

«Бүгінгі сауалда жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың бірқатар мәселесіне тоқталғым келеді. Біріншіден, мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмін қайта қарау қажет деп санаймыз. Себебі, қазіргі жүйеде әр балаға арналған қаржы Жалпы сипаттағы трансферттер (ТОХ) бойынша қарастырылады. Алайда, қандай да бір себептермен жекеменшік мектептерге бөлінетін қаражат республикалық бюджетке жүктелген, ал өңірлердегі балалар саны өзгеріссіз жергілікті атқарушы билік органдарында, яғни білім басқармаларында қалып отыр. Бұл дегеніміз, өңірлерде балаларды мемлекеттік мектептерден жекеменшік мектептерге ауыстыра отырып, қаржыны өздеріне қалдырып отыр. Мұндай жағдайда қаржының әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін жаңа механизмді енгізу қажет», – деді Ж. Сүлейменова Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың атына жолдаған сауалында.

Оның сөзінше, барлық балалар тең дәрежеде сапалы білім алуына мүмкіндік қарастырылып, жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырыс балалардың оқулығын және ыстық тамақпен қамтылуы проблемасын шешуге бағытталуы тиіс.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Мемлекеттік білім беру тапсырысы 677 жекеменшік мектепте 251,3 мың оқушыны қамтып, 2024 жылы республикалық бюджеттен 133,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бірақ, 2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша бұл соманың 103,5 млрд теңгесі игерілген, қалған 30,4 млрд теңге тек 1 айға қаржыландыруға жеткілікті. 2024-2025 жылға жекеменшік мектептерге қосымша қаражат бөлу мәселесі Республикалық бюджеттің нақтылауы болмағандықтан, шешілмей тұр.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млрд теңге көлемінде кредиторлық қарыз бар. Бұл мәселені шешу үшін 2024 жылдың қаңтарында қосымша қаражат бөлуге өтінім дайындалған, әлі күнге дейін шешім қабылданбады. Бұдан бөлек, жекеменшік мектептерде де білім сапасы, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі, тәртібі мен тәрбиесін қадағалайтын жүйе болуы қажет. Мұндай жүйе оқушылардың жан-жақты дамуына, білім алу деңгейінің жоғары болуына, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал етеді. Жекеменшік білім беру мекемелері де мемлекеттік мектептер сияқты сапалы білім беруге және ұрпақ тәрбиелеуге жауапты екенін ескеру қажет. Кейінгі төрт жылда жекеменшік мектептер ашу үшін көптеген инвестор екінші деңгейлі банктерден заемдық қаражат тартқан, жекеменшік мектептер еліміздегі 3 ауысымды мектептер проблемасын шешуде айтарлықтай көмек болды», – деді депутат.

Тег: балаларжекеменшік мектепоқушылар

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Отбасының цифрлық картасында қанша жанұя туралы ақпарат бар?

Отбасының цифрлық картасында қанша жанұя туралы ақпарат бар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz