Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жетісу облысында ауруханаға ауырып барған үш бала жұмбақ күйде көз жұмды (видео)

фото: видеодан үзінді

Жетісу облысында ауруханаға ауырып барған үш бала жұмбақ күйде көз жұмды (видео)

24.12.2023
Жаңалықтар
252
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Үшарал қаласының бір топ тұрғыны “Көреміз” бағдарламасында жантүршігерлік жайтты жария етті. Олардың сөзінше, аудандағы жалғыз ауруханада балалар хирургы жоқ. Соның салдарынан аз уақыттың ішінде денсаулығына шағымданған 3 бала жұмбақ жағдайда көз жұмған, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Мерт болған балалардың бірі – Айымның анасы дәрігерлер нәрестенің қандай дертке шалдыққанын ота жасау барысында ғана анықтай алды деп отыр.

“Балам ауырып барғанда дәрігер ішін басып көрді де, “аппендицит қой” деді. Сосын мен “шыныңды айт, әйтпесе ішіңді кеседі” дедім. Сосын мен қызымның киімдерін апарсам, отаны жасап тастаған. Отадан соң бала оянды. Бірақ анализ алмаған. 5-күні космофер құйды, бала өзгеріп бастады. Мінезі басқаша болды. Қарсыласып, қырсығып бастады. Оны төрт сағат бойы құйған. Сол құйғаннан бала мүлдем тұрмаған”,- деді анасы.

Бағиза Мамырбаева да немересінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“Немеремнің жасы 5-те еді. Бұған дейін еш жері ауырмады. Ауруханаға балам мен келінім апарды. Отадан соң бала оянған. Сөйлескенде жақсы болды. 6-сы күні ұлым үйге жылап келді. “Айсұлуды жедел түрде облыс орталығына апармаса болмайды” деді. Отадан кейін бұлай қалай болғанына таңғалдым. “Бала жетпей қалуы мүмкін” деп ескертті. Үшарал аудандық ауруханасының хирургі Жандос мырза ота жасады”, – деді әжесі.

Дәрігердің айтуы бойынша, баланы отаға екі сағат дайындаған.

“Баланы отаға кіргізер алдында екі сағат дайындадық, система салдық, анализдерін алдық. Орта есеппен 30 минут ота жасадық. Космофер сұйықтығын құйдық. Бірақ ол зиянсыз. Екі күн ғана салдық. Олардың гемоглабині көбею үшін арнайы көрсеткіш болады. Балада бастапқыда көрсеткіш жақсы болды. Балаға әрбір дәрі ата-анасының рұқсатымен салынады”,- деді Жандос Құсайынұлы.

Аурухананың орынбасары бала отадан таза шыққанын айтты.

“Бұл бала отадан жақсы шықты. Ешқандай асқыну болған жоқ. Бұл ауру бауырға , бүйрекке басқа жерге әсер береді. Баланың миына әсер еткендіктен, бала көз жұмды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады”, – деді аудандық аурухана басшысының орынбасары Дүйсенғали Сейтқалиұлы.

Бүгінде оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тег: Ауруханабала өліміжетісу облысы

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Алматы облысының Есік қаласында ауқымды өрт орын алды (видео)

Алматы облысының Есік қаласында ауқымды өрт орын алды (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz