Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

фото: pixabay.com

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

19.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2024 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 758 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 137,1 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,5%) Қытайдан, 34,7% – Өзбекстаннан, 5,9% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 3,3% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден келген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар 59%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1%-ды және зейнеткерлер 9,9%-ды құрайды.

«Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17%-ы жоғары білімді, 23,2%-ы орта кәсіби білімді, 55,2%-ы жалпы орта білімді, және 4,6%-ының білім жоқ», — делінген хабарламада.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Сонымен қатар, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1891 қандас қоныс аударды.

«Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады — бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге — бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде беріледі», — деп хабарлады ведомстводан.

Жыл басынан бері 1579 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 456 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

2023 жылдан бастап пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 10 993 өтініш қабылданды.

Тег: қандастарэтникалық қазақ

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Қазақстанның энергетика жүйесі Ресейге тәуелді болып қалмайды ма?

Қазақстанның энергетика жүйесі Ресейге тәуелді болып қалмайды ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz