Алматыда Ресейден келген сектанттар ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірлесіп Қазақстанда тыйым салынған діни-тоталитарлық сектаның ізбасарлары болып табылатын Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады.
Полиция атап өткендей, 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел бұған дейін жедел қызметкерлердің көзіне түскен. 2022 жылдан бастап олар Петропавлға келіп, сектаға адамдарды тартты. Олар жеке өмірдегі үйлесімділік пен “рухани тазаруға” қолжеткізуге уәде берді.
Осы жылдың басында сот оларға 50 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді, сондай-ақ олар Қазақстаннан кетуге тиіс еді. Алайда, сектаның ізбасарлары Петропавлдан Ресейге емес, Алматыға кетті, онда олар ұсталды.
Келесі күні Петропавл мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 100 АЕК айыппұл төлеуі керек. Сондай-ақ, олар 5 жыл мерзімге елге кіруге тыйым сала отырып, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылады.