Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртас көлігімен жолда жүру ережесін бұзған видео тарады, деп жазады kaskelen.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Нұртас Жамбыл облысы Қордай ауданы тас жол бірінде жол ережесін бұзды. Egovpress жазуынша, өрескел ереже бұзғаны үшін заңда жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған.
“Бұл істі жауып тастады”, “Көлікті көршісі айдады деп айтады”, “Оған болады. Ол Жұлдыз емес пе”, – деп пікір қалдуруда желі қолданушылары.
Еске салсақ, наурыз айында да Қайрат Нұртас жол ережесін бұзған еді. Алайда көлікті оның жүргізушісі тізгіндеген деп ақталды ол кезде.