Шымкентте ер адамдар төбелесіп, салдарынан бір адам көз жұмды деп хабарлайды Kaskelen.kz
Шымкентте шағын аудандардың бірінен 40 жастағы ер адамның денесі табылған.
Оның өліміне күдікті ретінде досы ұсталды.
Ведомство мәліметінше, 25 тамыз күні кешкі уақытта Тұран АПБ-ның 102 арнасына Тельман шағын ауданынан жергілікті тұрғынның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
“Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жолға шықты. 40 жастағы ер адамның мәйітін тексеру кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды”, – делінген хабарламада.
Полицейлер бұл фактіні ҚК 106-бабының 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркеді.
Ер адамдар арасында төбелес болып, олардың бірі қарсыласын нокаутқа жіберіп, кетіп қалған. Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты.