Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының “экономикалық және әлеуметтік жоспарлау” факультетін бітірген. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
1993 жылдың шілдесінен 1997 жылдың қыркүйегіне дейін мемлекеттік органдар мен жеке компанияларда жұмыс істеді.
1997 ж. қыркүйек 1997 ж. қараша – ҚР Экономика және сауда министрлігінің Өңірлік саясат бөлімінің бастығы.
1997 жылғы қарашадан 1998 жылғы қыркүйекке дейін-“ҚазТрансОйл “мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания”ЖАҚ жиынтық-қаржы департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.
1998 ж. қыркүйек-2001 ж. ақпан-ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Мұнай және газ департаментінің директоры.
2001 жылғы ақпаннан бастап 2001 жылғы мамыр- “электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания” ААҚ бірінші вице-президенті.
2001 жылғы мамырдан 2007 жылғы тамызға дейін – “электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания” АҚ президенті.
2007 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейін – “Самұрық “мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі”АҚ Басқарма төрағасы.
2008 жылдың қазан айынан бастап – “электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания” АҚ президенті.
2009 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.
2013 – 2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі.
2016 – 2019 жылдары – ҚР Энергетика министрі.
2019 жылғы 18 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі болып тағайындалды.
2021 жылдың қараша айында Алматы облысының әкімі болды. 2022 жылдың 11 маусымында қызметінен босатылды.