Алматыда жүргізушісі жоқ автобус өз бетінше артқа қарай жүріп кетіп, бірнеше көлікті соқты, салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Kaskelen.kz
Оқиға Алматы қаласының Абай мен Наурызбай көшелерінің қиылысында болған.
Жүргізушісіз автобус кері бағытта қозғалып, бағдаршамда тұрған жеңіл көліктерді соққан.
Тұрғындар жүргізушісіз жылжып бара жатқан автобусты видеоға түсіріп алған.
Болған оқиғаға байланысты іс қозғалып жатыр. Оқиғаның анық-қанығы әлі айтылмады.