Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
«Ертіс тартылып барады»: Экологтар дабыл қақты

«Ертіс тартылып барады»: Экологтар дабыл қақты

09.09.2023
Жаңалықтар, Жаңа Қазақстан
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

“Ертіс тартылып барады” деп дабыл қаққан экологтар Қазақстандағы ең ірі өзенге қауіп төніп тұрғанын айтады, деп хабарлайды Kaskelen.kz

Себебі, алдағы 10 жылда өзен кешіп өтетін арықтың күйіне түсуі мүмкін. Қазірдің өзінде өзеннің ортасында аралдар пайда болған.

Қытайдан бастау алатын Ертіс өзені Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын басып өтеді. Өзен суы біздің өңірге келгенде 20 шақырымға дейін жайылады. Бұл уақытта балықтар уылдырық шашып, тоғай алқабы суға толады. Алайда, биыл су жіберу процессінде кедергілер болып, өзен деңгейі төмендеп кетті.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Биылғы жылы Ертісте су айтарлықтай аз болды. Оның барлығы өткен қыста қар аз түскеннен. Содан болып Шығыстағы су қоймаларының деңгейі төмендеп, бізге су бекітілген кестеден аз жіберілді”, – дейді гидролог маман Антон Чашин.

Биыл Шүлбі су қоймасынан Ертіске 32 пайыз су босатылды. Бұл соңғы он жылдағы ең төмен көрсеткіш.

“Ертістің жағдайы адам шошырлық. Бұлай жалғаса берсе хәлі тіптен мүшкіл болып, алып өзеннен айырылып қаламыз. 2030-шы жылы тіпті одан бері 2028 жылдан кейін суы сирақтан келетін болады.

Өйткені, Қытайда су тапшылығы туындайды. Сондықтан олар Қара Ертісті бөгеп тастайды. Ертісті жылдам арада құтқару керек. Ол үшін Қытай және Ресеймен келіссөздер жүргізу қажет. 1991 жылы құрылған комиссияны таратып, мүшелерін жаңартсын. Су туралы заң қабылдау керек. Қылмыстық заңнаманы қатайтып, Ертісті ластағандарды қатер төндіргендерді түрмеге жапсын. Сонда ғана Ертіс қалпына келеді”, – эколог Юрий Павленко

Биыл су мөлшерінің аздығынан өзен жағалай орналасқан елдімекендер зардап шекті. Шабындықтар шалғы салуға келер емес. Судың жоқтығына дұрыс көктемей қалған. Енді бұлай жалғаса бермесе, бұл басқа өңірлерге де әсер етуі мүмкін деп отыр мамандар. Өйткені, Астана, Қарағанды, Теміртау секілді үлкен қалалар Ертіс өзенінен бастау алатын Сәтбаев каналынан су алады. 

Тег: Ертіс өзенікаскеленкзэкологэкология

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Астанада ер адам сегізінші қабаттан секірмек болды

Астанада ер адам сегізінші қабаттан секірмек болды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz