Актер Жахан Отарғалиев OZMZ ғой бағдарламасында жұбайы Балжан Бидашпен ажырасуы туралы айтты, деп хабарлайды Kaskelen.kz
Жүргізушілер Жаханнан екеуінің ажырасуы, оқырмандар айтып жүргендей, «хайп па?» деп сұрады.
«Біріншіден, біз халық алдында жүрдік. Мен ешқашан, қалай қиналсам да отбасыммен хайп істемеймін. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ол кез келген нәрседен шығып кетуі мүмкін. Аллаға шүкір, біз жақсы өмір сүрдік. Қазір біздің арамызда болып жатқан жанжал тек екеуімізге қатысты. Ол екеуіміздің арамызда қалуы тиіс.
Қазір «Өзі жоқтың – көзі жоқ» деп, екеуіміз жайлы айтып, өзімді күшті қып көрсетіп қойғаным болмайды. Ол видеоны негізі әлеуметтік желіге салмаймын деген едім,эмоциямен кетіп қалды. Ертесіне неге істедім деп, өкіндім», – дейді Жахан Отарғалиев.
Сонымен қатар Жахан көрерменінен Бидаш екеуі үшін дұға тілеуді сұрады.
Тағы бір айта кетерлігі, «екі жастың арасына есі кеткен түседі» және екеудің ажырасуын ең жақсы көретін – шайтан. Сондықтан бізді жақсы көрсеңіздер, құрметтесеңіздер, біздің бірге болуымыз үшін дұға тілеп, жақсы тілек айтсаңыздар, оның қабыл болуы әбден мүмкін, – деді ол.
Бұған дейін Балжан Бидаш оқырманын толғандырған сауалға жауап беріп, Жаханмен екеуі екі бөлек кеткенін растаған болатын.