Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қарасай ауданындағы қоқыс полигонына айыппұл салынды

Қарасай ауданындағы қоқыс полигонына айыппұл салынды

20.09.2023
Kaskelenkz, Жаңа Қазақстан, Жаңалықтар
39
👁️
WhatsappTelegramFacebook

kaskelenkz Instagram парақшасында оқырмандар Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылында орналасқан қоқыс полигонына қатысты шағымданған еді. Яғни, полигон заңды түрде жұмыс істеп жатқаны туралы оқырман сауал қойды. Одан бөлек, дәл осы Әйтей ауылында тағы бір қоқыс полигоны бар. Бүгінде ауыл тұрғындары сасық иістен мезі болған. Халық не істеуі керек? Қандай шара қолдануға болады? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында kaskelen.kz тілшісі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне хабарласып, анықтады.

Ведомство хабарлауынша, “SERVICE DARYN” ЖШС көрсетілген жер телімінде рұқсат құжаттарынсыз қоқыс полигонын ашып, өз қызметін заңсыз жүзеге асырып келген.

“Департамент тарапынан, ҚР Экология кодексінің 320, 325, 327 және 337-баптарының талаптарын бұзғаны үшін “SERVICE DARYN” ЖШС-не қатысты ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінің 344-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жалпы сомасы 690 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ЖШС-ға алдағы уақытта осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу қажет екендігі ескертілді. Одан бөлек заңсыз қоқыс үйінділерін жоюға бағытталған тиісті шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Қоқыс полигоның ашу үшін рұқсат құжаттарын рәсімдеу бойынша: занды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ашу үшін Министрлік өз құзіреті шегінде ҚР Экология кодексінің талаптарына сәйкес рұқсат құжаттарын рәсімдеу қажет екенің хабарлайды”.

Айта кетейік, Әйтей ауылында екінші қоқыс полигоны бар. Бірақ ол бірінші полигонға қарағанда заңды түрде тіркелген. Яғни Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде, 2014 жылғы 24 ақпандағы № 410 санды жер учаскесін жалға алудың үлгілік шартына сәйкес “KAZ Waste Conversion” ЖШС қоршаған ортаны қорғау саласындағы рұқсат құжаттарын рәсімдеп өз қызметін жүзеге асырып жатыр.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан 2023 жылдың ақпан айында “KAZ Waste Conversion” ЖШС-не жалпы сомасы 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 4-ші тармағына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты фактілер мен мән-жайлар болып табылады”, – деп қорытындылады ведомство.

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
«Балалықтың тірлігі болды»: Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады

«Балалықтың тірлігі болды»: Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz