Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Kaskelen.kz
Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы кәсіпкерді ақша жымқырды және заңсыз алынған мүлікті заңдастыру бойынша кінәлі деп таныды.
Сонымен қатар Боранбаевтың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және Ұлттық банкте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Бұған дейін Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған еді. Алайда сот үкімнің күшін жойып, тергеу жалғасқан еді.