Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Әйелді және екі баласын өлтірген: Қылмыскерді тұрғындар ұстап берді

Әйелді және екі баласын өлтірген: Қылмыскерді тұрғындар ұстап берді

19.09.2023
Жаңалықтар
29
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысында анасы мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірді деген күдіктіні полицияға екі жігіт ұстап берген, деп хабарлайды Kaskelen.kz

Олар күдіктіні қалай қолға түсіргенін КТК арнасына берген сұхбатында айтқан.

Жігіттер күдіктіні қонақ үйден орын іздеп жүрген жерінен байқапты.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Жігіттер бастарын қатерге тіксе де, еш ойланбай әрекетке көшіп, полицияға тапсырыпты. Ал қонақ үйдің әкімшілігі күдікті қылмыс жасаған күнге дейін бірнеше тәулік бөлме жалдап жатқанын айтады.

Дүкеннен шығып, жолдың қарсы бетіндегі қонақ үйге бет алған оны алдымен Рахат Хайфназаров байқаған. Досы дүкеннен шығам дегенше, өзі бірден бас салып жерге жыққан.

“Қонақ үйге көтеріліп, қайтып төменге қарай түсті . Арқасында асулы сөмкесі болды, сонда да, үрей болса да, тәуекел деп, сол жерде құлатып, мақсатым қолын қайырып ұстап беру болды”, – дейді Рахат Хайфназаров.

Оның айтуынша, күдіктіні жерге жыққан сәтінде досы Олжас та көмекке жеткен. Ол үш адамның өліміне күдіктіні бірден танығанын айтады.

“Бізде де бағыт-бағдар бар ғой. Чаттардан келген, желілерден көрген. Ұстап алып түріне қарасам, шынымен де сол кісі екен. Дос балам өмірін қатерге тігіп, мен көмектесіп, сыммен байлап, бір жерге отырғызып қойдық”, – дейді Олжас Кісенбай.

Күдікті бас сұғып, орын таппай кеткен қонақ үйдің әкімшілігі оның қылмыс жасардың алдында бірнеше күн бөлме жалдап жатқанын жеткізді. Мінез құлқы оғаш көрініпті.

“Стрессте жүрдіау деймін. Өйткені алақ-жұлақ етіп, ашулы. Біреумен ұрсысып қалған ба деп ойладық. Он екісі күні келіп қарызға сұрады. Ол кезде біз кіргізбедік. Бізге кіргізуге болмайды қарызға. Он үші күні түнде тағы келді. Онда ақшамен келді. Кәдімгі рюкзагы бар, ақшамен кірді. Түсте қонақ үйден шыққан соң, кешке дейін келмеген”, – дейді қонақ үй қызметкері Хадиша Шәкенова.

Қолын сол он төрті күні қанға малып, асқан жауыздықпен бірге тұрған әйел мен кәмелетке толмаған екі баласын өлтіріп, артынан үйімен қоса өртеп жібереді. Облыстық полиция департамені қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни “адам өлтіру” бабымен тергеліп жатқанын жеткізді.

14 қыркүйекте Алматы облысы Береке саяжайындағы үй өртеніп жатқаны жөнінде төтеншеліктерге хабар жетеді. Құтқарушылар отты бір сағатта сөндіреді. Жанып кеткен үйден 1981 жылғы әйел мен оның 13 және 7 жастағы баласының мүрдесін табады. Жантүршігерлік қылмысты келіншекпен бірге тұрған ер адам істегені белгілі болады.

Тег: әйел мен екі балакаскеленкзКүдіктіқылмыс

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
ЖКО салдарынан күн сайын 1 бала қаза табуда – ІІМ

ЖКО салдарынан күн сайын 1 бала қаза табуда - ІІМ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz