Маңғыстау облысында 18 қыркүйекте операция барысында қылмыстық топтың жетекшісі мен үш қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
ҚР ҰҚК ақпараты бойынша, олардан қару-жарақтар тәркіленді.
“Қолда бар мәліметтерге сәйкес, олар облыстық және халықаралық трассаларда жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден қолма-қол ақша талап етті”, – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінде.
Ведомствода атап өткендей, шабуылдарға ұшыраған жәбірленушілер анықталды, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқару кезінде Шекара қызметінің әскери қызметшісі болды.
“Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда”, – деді комитет.