Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттер шәкіртақысының осы айда кешігу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Kaskelen.kz
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мәселе Ғылым және жоғары білім министрінің бақылауында.
“Жаңа бағдарламаға көшуге байланысты шәкіртақы төлеу мерзімі 2-3 күнге шегерілді. Кеше шамамен 5 жоғары оқу орнының студенттері шәкіртақыларын алды. Бүгін кешке дейін барлық студент шәкіртақыларын толық көлемде алатын болады. Министр бақылауда ұстап отыр. Шәкіртақы екі күнге кешікті”, – деп мәлім еткен министрліктің баспасөз қызметі агентікке.
Агенттік жазуынша, 2021 жылдан бері шәкіртақы студенттің есепшотына тікелей түседі. Яғни, шәкіртақыны ЖОО емес, Ғылым және жоғары білім министрлігі жібереді.