Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Өте масқара жағдай”: Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Қытайда мас күйінде табылды

“Өте масқара жағдай”: Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Қытайда мас күйінде табылды

29.09.2023
Жаңалықтар
334
👁️
WhatsappTelegramFacebook
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жаттықтырушы мас күйінде ұйықтап жатқан жерінен табылып, Қазақстанның өкілдеріне берілген деген ақпарат тарады деп хабарлайды Kaskelen.kz

Мұны Қытайға барған спорт журналисі Аслан Қаженов растады.

Қазақстан Ұлттық құрамындағы академиялық ескек есу спортының жаттықтырушысы ішімдікке тойып алып, мас болып Қытай көшесінде құлап жатқан. Оны кейін қазақстандық өкілдерге жеткізіпті.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Мұны бапкерлер растады. Өте масқара жағдай. Оның не себепті ондай қадамға барғаны және оған қатысты қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз”, – деді спорт журналисі.

Журналист Ұлттық құрамадағы легионерлер нашар нәтиже көрсетіп жатқанын да жасырмады.

“София Сподаренко деген легионер Ресейдің үздігі, шенеуніктер “мынау міндеттті түрде медаль әпередіі, ертең Парижде де медаль әпереді” деп айтты. Бүгін финалға шыға алмапты, көріп көңілім түсіп кетті. Жарайды, қазақ қыз-жігіттері жеңіліп жатса түсінесің. Бірақ  біз бұларды әкеліп, бірден ұлттық құрамаға қосып тұрмыз. “Жүлде бермейсің бе енді?” деген сияқты сұрақтар болады. Олар бәрібір бөтен, жақын қабылдай алмаймыз. Өз басым шетелден, әсіресе Ресейден спортшылар әкелуге қарсымын. Өйткені олардың спортшылары әлемде масқара болып жатыр, жеңіске жетсе басқа спортшылар құттықтамайды да. Осындай кезде топырлатып әкеліп, өзіміздің балалардың жолын жабудың керегі жоқ. Әкеле беретін болсақ, бізге ресейлік спортшыларға жол ашып берді деп санкциялар қолдануы мүмкін. Қазір спорт та саясат болып кетті ғой. Сондай кесірі тиіп, бүкіл Қазақстан құрамасының жолы жабылып қала ма деп қорқасың”, – дейді Аслан Қаженов.

Тег: жаттықтыруқытаймасұлттық құрам

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Жетісу облысында зейнеткер туған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz