Алматыда жоғалып кеткен жас жігіттер өлі күйінде табылды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі LIDER.KZ Instagram парақшасына сілтеме жасап.
1983 жылы туған Арғымбеков Жарқын Құралбайұлы 28 қыркүйекте жоғалып кетті. Сағат 11 шамасында ер адам Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылынан Mitsubishi L200 ақ автокөлігімен шықты. Осыдан кейін ол көрінбеді. 1 қазанда жоғалған адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның өлімінің мән-жайы ашылмаған
1992 жылы туған Терианов Равиль Миргалимович 29 тамызда жоғалып кетті. Сағат 18:00 шамасында ер адам Айнабұлақ-2 шағын ауданындағы үйден шығып, хабар-ошарсыз кетті. Іздеу тура бір айға созылды. 29 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданы ауылдарының бірінің шетінде зорлық-зомбылық салдарынан өлген адамның денесін полиция қызметкерлері тапты. Қылмыс жасады деген күдіктілер анықталып, қамауға алынды.