Астанада қыз Тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Оқиға туралы ақпарат Telegram арналарының бірінде пайда болды. Видеоны сілтемеге басу арқылы көре аласыз.
Қалалық полиция департаментінде бұл жағдай расталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға Тұран даңғылында болған.
“Елордалық полиция Тұран даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлауына қатысты тергеу бастады. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”,-деп хабарлады ЖКО баспасөз қызметі.