Кеше 50 жасқа толған әнші Саят Медеуов жеке кешін өткізді. Өнер иесі ән кешінен соң туған күнін тойлап, халық алдына жұбайымен шықты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Бұл сәтті Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат Instagram парақшасында бөлісті.
“Саят Медеуов 50 жас мерейтойыңыз құтты болсын”, – деп жазды әншінің әйелі.
Сонымен қатар, Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова да Instagram парақшасында Саят Медеуовтің әйелімен сурет жариялап, оның есімін атады.
“Саят Медеуов бүгінгі концерттің керемет өтуіне тілекшіміз. Саяттың асыл жары Гүлбаршынмен”, – деп бөлісті продюсер.
Айта кетейік, осыған дейін Саят Медеуов көпшілікке отбасы жайлы неге айтпайтынын түсіндірген болатын.