Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
“Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеуге қатыспайды”, деді Берік Уәли.
Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 71 жасында дүние салғанын жазған болатынбыз.