Желіде баласын аяусыз ұрған астаналық ананың видеосы тарауда. Жағдай қоғамдық дау тудыртты, деп хабарлайды kaskelen.kz 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. Видеоны сілтемеге басу арқылы көре аласыз.
Оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында болған. Полиция отбасыны бақылауына алды.
Психологтардың сөзінше, аналар күйеуінен ала алмаған өшін баладан алады. Әйелдер босанғаннан кейін депрессияға ұшырайды.
“Тексеру барысында 37 жастағы Астана тұрғыны анықталды. Әйелдің айтуынша, ол бұл видеоны өткен жылдың желтоқсан айында күйеуімен кезекті жанжалдан кейін түсірген. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бұл отбасы ювеналды полицияның бақылауында”, – деді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі Гүлмира Шырақметова.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, елімізде отбасы институты жоқ. Әйелдер де, ер адамдар да әлеуметтік бірлікті құруға және балалы болуға дайындалуы керек. Отбасылық өмірдің этикасы мен психологиясы сабақтары мектепте де, жоғары оқу орындарында да қажет дейді мамандар.
“Психологиялық-биологиялық білімі бар, өз отбасын сәтті құра білген жоғары білікті мамандар дәріс беруі шарт. Қандай да бір курстарды өткізіп, оларды жоғары оқу орындарында біріктіру керек, репродуктивті денсаулық циклі, психологиялық көмек қамтылғаны жөн”, – деп мәлімдеді қоғам қайраткері Гүлнар Омарова.
Сонымен қатар, қоғам белсенділері отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау қажет дейді. Елде тұрғын үй және жұмыспен қамту бағдарламалары тым аз. Көптеген ерлі-зайыптылар қазірдің өзінде балаларымен жалдамалы пәтерлерде тұрып, толық емес жұмыс күнімен айналысады.