Астаналық такси жүргізушісі Үндістан азаматын әуежайдан “Дипломат” қонақ үйіне дейін 45 мың теңгеге апарған, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Полиция ер адамды ұстап алып, оған айыппұл салды.
“Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция департаментінің көліктегі қызметкерлері елорданың таксопарктерінің бірінің жүргізушісін ұстады, ол шетелдікті адлдап, халықаралық әуежайдан қонақ үйге бару бағасын әдейі көтерді”, – делінген полиция хабарламасында.
Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.
Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша “тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзу” бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ жеке таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.