Эстрада әншісі Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековті есіне алып, парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесімен соңғы кездесуін есіне алып, оның қандай адам болғанын айтып берді. Соңғы үш жылда құда болған әртістер көп отырыста бас қосып, жақын араласқан.
“Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған. Иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз. Қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді. Қазақ әншісі ретінде өз тыңдармандарының алғысын алды. Үш жылдан бері құдалар боп, талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді. Отбасыңыз жақсы болды. Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз. Үй салып, ағаш ектіңіз, артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін. Иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын”, – деп жазды өнер иесі.
Еске сала кетейік, 25 қарашада “Дос-Мұқасан” ансамблінің солисті Ақжол Мейірбековтің дүниеден озды.