Енді жазатайым оқиғалардан жапа шеккен жұмысшыларға арналған сақтандыру жүйесі өзгеріске ұшырайды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Бұдан былай әр сақтандыру компаниясы жарақат алған қызметкердің ем-домға кеткен шығынын өтеп беруге тиіс.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заң жобасына өзгертулер енгізді. Өмірді сақтандыру компанияларының жұмыс берушінің алдын алу шараларына жұмсаған шығындарын 6 %-ға дейін өтеуі қажет. Мысалы басшылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқыту, кәсіптік тәуекелдерді бағалау, нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу, мерзімді медициналық тексерулер жүргізу, қауіпсіздік жүйелерін орнату, зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту керек.