Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні мен немерелерінің қандай үйде тұратындарын айтты. Продюсер жарымен видео жүктеп, махаббат туралы сыр шертті, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Өнер иесі жақында Түркия елінен оралған еді. Видеода бой көрсеткен ортаншы ұлының екі баласын көрген желі қолданушылары Қайрат пен Жұлдыздан туған немерелерін де іздеді. “Үлкен немерелері де жандарынан табылғанда керемет болар еді” деп жазған оқырманына продюсер: “Шақырғанбыз, сабақтарынан босай алмады. Оларды күте алмай жолға шығып кеттік. Ортаншы ұлдың ұл-қызы мектепке бармағасын түсірдік” деп жауап берді. Енді бір оқырман “Қайраттың пәтеріне келгенсіздер ма, ол жақта Жұлдыздар тұрмаушы ме еді” деген сұрағына: “Жұлдыз пәтерін сатып, коттедж алған жоқ па?!. Біткен жоқ әлі, бітсе кірер. Оны неге уайымдап отырсыз? Далада жүрген жоқ қой, әкелері ай сайын миллион теңге төлеп отыр бітпеген пәтеріне. Жағдайлары жасаулы, ақшасын аяп жатқан жоқ, отбасы қалай жүріп-тұрса да” деп жауап қатты.
Еске сала кетейік, Гүлзира Үсенқызы алғаш отбасы болған жылдарын еске алып, қандай қиындыққа тап болғаны жайлы жазған едік.