Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жаңа жылда қазақстандықтарға қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

фото: ашық дереккөз

Жаңа жылда қазақстандықтарға қандай әрекеттер үшін айыппұл салынады?

14.12.2023
Жаңалықтар
92
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жаңа жыл мерекесін тойлағанда шу көтерілгені және тағы басқа әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын есте сақтаған жөн. Заңбұзушылық анықталған жағдайда қазақстандықтарға айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Көппәтерлі тұрғын үйлердегі негізгі ережелердің бірі – тыныштықты сақтау. Бұл мереке күндеріне де қатысты.

Мысалы, жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін шу шығармау керек. Яғни той-томалақ ұйымдастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды, музыканы қатты қоюға тыйым салынған. Ал демалыс және мереке күндері тыныштықты түнгі 23:00-ден таңғы 10-ға дейін сақтау керек.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Бұл ереже бұзылған жағдайда ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес, 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады – (2023 жылы бұл – 17 250 теңге), ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап айыппұл мөлшері 18 460 теңгеге артады. Заңбұзушылық қайталанған жағдайда, айыппұл мөлшері екі есеге өседі (34 500 теңгеге және 36 920 теңгеге).

Ал мекемесі тұрғын үйде орналасқан кәсіпкерлерге белгіленген шу деңгейінен асып кеткені үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін (2023 жылы бұл – 69 мың теңгеден 369 мың теңге аралығы) айыппұл салынады.

Пиротехникалық өнімдер қауіпті, оларды мұқият пайдалану қажет. Пайдалану бойынша мынадай ережелер бар:

  • Отшашу жасау орнының айналасында кемінде 50 метр радиуста ағаштар, кез келген ғимарат, электр желісі өртену қаупі бар нысандар, тұрақтар, автокөліктер және тағы басқасы болмауға тиіс;
  • пиротехникаға арналған нұсқаулықтарды мұқият зерделеу керек, өйткені оның ішінде пиротехниканы ату үшін қауіпсіз қашықтық туралы ақпарат жазылған (қауіп деңгейіне байланысты қауіпті аймақ радиусы 0,5-тен 30 метрге дейін болуы мүмкін);
  • отшашу кезінде көрермен пиротехниканы ату алаңынан кемінде 35-50 метр қашықта тұрып, жел өтінде болмауы керек.

Бұл талаптар бұзылған жағдайда ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша 20-дан 30 АЕК-ке дейін (2023 жылы бұл – 103 500 теңгеге дейін, 2024 жылы – 110 760 теңгеге жетеді) айыппұл салынуы ықтимал.

Ал мереке кезінде артық шығынға батпау үшін шу деңгейі туралы ұмытпай, қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн.

Тег: айыппұлжаңа жылзаңбұзушылық

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Балаларын сериалға түсірмекші болған әйел алаяққа 600 мың теңге берген

Балаларын сериалға түсірмекші болған әйел алаяққа 600 мың теңге берген

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz