Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы елімізде орташа зейнетақы қанша болатынын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты кезінде министр келесі жылдан бастап орташа зейнетақыны өсіру мәселесін талқылады.
“Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-на дейін белгіленді. Келесі жылдан бастап біз осы ең төменгі шекті тағы 5%-ға арттырамыз. Сонымен қатар инфляция деңгейіне 7% индекстеу болады”, – деді Жақыпова.
Министрдің айтуы бойынша, 2024 жылы зейнетақы 120 мың теңгеден 130 мың теңгеге дейін өседі.