Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Russian.rt басылымына сілтеме жасап.
Ақпаратты Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
“Иә, кездесу Мәскеуде болды. Нұрсұлтан Назарбаев президентпен жеке кездесу өткізді. Біз мұны растаймыз”, – деді Песков.
Еске сала кетейік, бұған дейін Назарбаев Путинді “сөзіне берік кісі” деп атап, Отанын қайтадан әлемдік держава биігіне шығарып берді деген еді. Ол бұл туралы жақында жарияланған “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” мемуар кітабында айтады.
Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан-Ресей қатынасындағы жаңа кезең ел басшылығына Владимир Путиннің келуімен тікелей байланысты. Путин президенттігі Ресейдің тарихына айрықша белес болып енгеніне ешкімнің күмәні жоқ.