Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Құлағын сындырып, басын жарған”: Алматыда притон иелері қыздарды сексуалды құлдыққа салған

фото: ашық дереккөз

“Құлағын сындырып, басын жарған”: Алматыда притон иелері қыздарды сексуалды құлдыққа салған

21.12.2023
Жаңалықтар
151
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматылық қыз бірнеше күн сексуалды құлдықта болғанын жария етті. Қызды белгісіздер ұрлап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Бойжеткен сексуалды құлдықтың құрбанына айналғанын айтты. Оны қатыгездікпен ұрып-соғып, қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Кейін қыз қашып үлгеріп, полицияға жүгінді. Полиция жеке үйде басқа қыздардың да құлдықта болғанын анықтады.

Сексуалды құлдықтан қашып шыққан қыздың құлағы сынып, басы жарылған, бүкіл денесі көгерген.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Алдымен олар мені қазанмен ұрды, содан кейін арқамды ұзартқыш сыммен ұра бастады. Аяқ-қолымды жаралады. Мені Камила мен Аида дегендер ұрды”, – деді жәбірленуші.

Қыздың айтуы бойынша, ол бір апта бұрын әдеттегідей жұмыстан шығып, үйіне қайтып жатқан. Сол кезде көлік тоқтап, ер адамдар оны көлікке салып алған.

“Олар жезөкшелік қызмет көрсетуге мәжбүрледі. “Егер келіспесең, ата-анаңа жезөкше екеніңді айтып, құжаттарыңды көрсетеміз” деді, – деп айтты қыз.

Ол жұмыстан оралмағаннан кейін туыстары дабыл қағып, іздеуге шықты. Бірнеше күннен кейін алматылық бойжеткен байланысқа шығып, қайда екенін айтып берген.

Қазіргі таңда қыз қорқынышпен өмір сүруде. Тіпті дәрігерлерден көмек сұрауға қорқады.

Көршілер үй баяғыдан притонға айналғанын айтады. Үй иелері құқық қорғау органдарын алғашында кіргізгісі келмеді. Бірақ тәртіп сақшылары бірнеше қызды тапты. Үйдің барлық тұрғындары жеке басын анықтау үшін ұсталды. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тег: алматықылмысполициясексуалды құлдық

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Жоғары мөлшерлемені сақтап қалу үшін депозитті қалай рәсімдеу керек?

Жоғары мөлшерлемені сақтап қалу үшін депозитті қалай рәсімдеу керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz