Петропавл қаласындағы Рабочий шағын ауданында бір отбасының үш бірдей адамын өлтіріп кеткен, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Бейресми мәліметке сүйенсек, 28 желтоқсанда үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылған: ер адам, әйелі және олардың кәмелетке толмаған ұлы.
Отбасының жерлеу қызметіне байланысты кәсіптері болғаны айтылады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жан түршігерлік қылмысқа күдіктілердің жылдам ұсталғанын хабарлады.
“Полицейлер жедел түрде Петропавл қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған факті “Екі немесе одан да көп адамды өлтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінде.