Қазақ тілінен емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады. Бұл өзгеріс 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізілді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, тестілеу жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу секілді дағдылар бағаланады.
Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер өздері дайындайды. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады.
Бұған қоса 2024 жылы қазақ тілін меңгеру деңгейлері енгізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы сынақтар өткізіп, сертификаттар береді.