Әнші Тамара Асарға “Хиуаз Доспанова” атындағы медальді табыстаған болатын. Бірақ атақ аламын деп сынның астына қалған әнші жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Әртіс қуанышты жаңалығын жеке парақшасында бөліскен еді.
“Ештеңе оқыған жоқпын және ештеңе айта алмаймын. Әркім әр түрлі пікір айта береді ғой. Маған берді ме, беруі керек болған шығар. Ешкімге ешқандай уәж айтпаймын. Халық өзі береді, халық өзі алады. Бұл – халықтың ішінен шыққан марапат. Ал мен халыққа қарсы ештеңе айта алмаймын. Не айтса да, дұрыс. Бұл – мемлекеттік награда емес. Кімнің шамына тиіп жатқанын түсінбеймін?! Басын иіп, кеудеме төсбелгіні түйреген қарттың өзі сексеннен асқан адам екен. Сондықтан әкемдей адамға “Кешіріңіздер, мен бұған лайық емеспін” деп бетін қайтара алмаймын ғой”, – деп жауап берді әнші.
Айта кетейік, әншінің марапатын көрген желі қолданушылар пікірі екіге жарылғанын болатын.