Кеше Шымкентте 8-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында есінен танып, көп ұзамай көз жұмды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға Шымкенттегі №48 мектепте болған.
“2010 жылы 11 маусымда туған Ғаниұлы Тұрдалы есінен танып қалды. Мектеп медбикесі Гүлжамал Розиева тез арада жаттығу залына жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Шақыру бойынша келген жедел жәрдем бригадасы арнайы топ шақырған. Алайда екінші жедел медициналық көмек келгенше баланың жүрегі тоқтап, көз жұмды”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар департамент қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын айтты. Қаза болған ұл отбасындағы ортаншы бала болған.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе мектептерінің бірінде 13 жасар оқушы партаның бұрышына соғылып көз жұмғанын жазған едік.