Әнші Алтынай Жорабаева жақында бесінші сәбиін өмірге әкелді. Әртістің қызына Нұрлан имам азан шақырып, есім қойды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
“Нұрлан ұстаз азан шақырып, Аминамыздың атын қойды. Нұрлан имам жетінші күн дегенде “Зерек болсын” деп қызымыздың шашын қиды. 40 күннен кейін қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашын толық аламыз”, – деп жазды Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, Алтынай Жорабаеваның бесінші перзентін өмірге әкелгені жайлы сүйінші хабарды көпшілікке Гүлнұр Оразымбетова жеткізген еді.
Кейін әншіні жақындары перзентханадан шығарып алды. Бұған қоса Алтынай Жорабаева бесінші перзентіне Амина есімін таңдағанын да айтты.