Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Сол қиындықты жолдасым көтере алмады”: Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

фото: ашық дереккөз

“Сол қиындықты жолдасым көтере алмады”: Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

18.01.2024
Жаңалықтар
197
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Атырау облысында өзін-өзі өртеген ер адам мерт болды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Доссорда өзін өртеп жіберген 62 жастағы Біржан Баетов үш күн жансақтау бөлімінде жатып, 17 қаңтарда таңғы сағат 5 шамасында көз жұмды. Оның денесінің 70%-ын күйік шалған еді.

Атырау полиция департаменті ер адамның өзін өртеуіне отбасындағы жанжал әсер етті деп мәлімдеді. Алайда жақындары мен көршілері бұған келіспейді. Әйелінің айтуынша, күйеуі жоқшылықтан әбден қажып, осындай қадамға барған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Марқұм – көпбалалы әке, артында екі ұлы, төрт қызы қалды. Өндірісте қолы жарақаттанып, 3-топ мүгедектігін алған. Көше тазалап, мал бағумен айналысқан, аула да сыпырған. Тұрақты жұмысы болмай, кейін жұмыссыздар есебінде тұрды.

Әкімдік берген жалдамалы үйіне несиеге жиһаз бен түрлі зат сатып алған. Екі қызын ұзатқанда да қарызға батқан көрінеді.

“Бізге қиын болып кетті. Бала-шағаға да жеткізе алмай, тамақты да несиеге, қарызға алдық. Қарызды қайтадан беремін. Сөйтіп қиын жағдай болып кетті. Жолдасым да қиналып кетті, мен де қиналдым. Жұмысым да тұрақты болмады. Екеуміз арасында осылай жанжалдасып, ұрысып қалатынымыз бар. Сол қиындықты жолдасым көтере алмады”, — дейді әйелі.

“Бұл кісінің қазасы жайлы неше түрлі ақпарат беріп жатқан болар. Мұны терең зерттесек, бәрі тұрмыстық жағдайға келіп тіреледі. Халықта жұмыс жоқ. Балаларына жұмыс жоқ. Келген келінде де жұмыс жоқ. Соның бәрі әсер етеді”, — деді жергілікті белсенді Ғазиз Ғабдуллин.

Еске сала кетейік, Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жібергені жайлы жазған едік.

Тег: Атырау облысы

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Талып қалған екен деп ойладым”: Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деп айыпталған әйел түсініктеме берді

"Талып қалған екен деп ойладым": Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деп айыпталған әйел түсініктеме берді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz