Алматыда жер сілкінісінен кейін такси жүргізушілері бағаны екі есе көтеріп жіберген, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Биік тұрғын үй кешенінде тұратын адамдар жер сілкінгенде қаладан шет өңірлерге қаша жөнелген. Алматы көшелерінде және жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында көліктер кептелді.
Осыған орай әлеуметтік желілерде такси жүргізушілерінің жол жүру бағасын екі есе қымбаттап жібергені туралы ақпарат тарады. Жүргізушілер қала сыртына жеткізу үшін бағаны аспандатып жіберген.
Мысалы, Ұзынағашқа әдетте 2000 теңгемен баратын таксистер, қазір 20-50 мың теңгеге дейін сұрап отыр. Бұл желі қолданушыларының ашуына тиді.
“Бағаны 40 мыңға дейін көтерген. Ел басына күн туғанда көмек берудің орнына”, “Біреулерді бақытсыздық асырайды” демекші, тексіз таксистер Алматыдағы ажиотажды пайдаланып, аспандағы бағаны айтып жатыр екен”, – деп жатыр әлеуметтік желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, Алматыда 3 мәрте жер сілкінісі болып, қала тұрғындары үреймен көшеге шыққан.