Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді. Жерасты дүмпуінің күші 2 балл болды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, 27 қаңтарда сағат 15:03-те орталықтың сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,0. Магнитудасы MPV 5,5. Тереңдігі 5 шақырым. Алматыда MSK-64 шкаласы бойынша сезімталдық 2 балл болды.