Сазгер, “Алашұлы” тобының экс-мүшесі Ұшқын Жамалбек алғаш рет отбасын көрсетті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Жұлдызды weekend” жобасына сілтеме жасап.
Өнерлі жұптың отау құрғандарына – 7жыл.
“Жайнамен ең алғаш “Алашұлы” тобында өнер көрсетіп жүрген кезімде таныстым. “Фотоға түсейін деп едім” деп қасыма келгенде танысқанбыз. Менің қызбен танысайын, жар таңдайын деген ойым болмаған. Жайнаға да үйленемін деген ойым мүлде болмады, бастапқыда танысып, жай сөйлесіп жүрдік. Бір-бірімізбен шынайы болдық. Әрине, уақыт өте келе дені сау адам болғасын, арамызда махаббат оянды. “Алашұлы” тобынан кеткеннен кейін жарық көрген сезім, махаббат туралы әндерімнің дені жұбайыма арналады. Алғаш сезімімді білдірген кезде сенбей, “қойшы, аға” деген еді, тіпті үйленгеннен кейін 1,5 жыл бойы “аға” деп жүрді. Бір-бірімізге біраз уақытқа дейін үйренісе алмай жүрдік. Тіпті отау құрғанымызға енді 3 жыл толғанда ажырасуды да ойладық. Бірақ кейін бұл ойымыздың қате екенін түсіндік. Ашық әңгімелесіп, бір шешімге келдік”, – деп сырын жасырмады өнер иесі.
Сонымен қатар сазгер әйелі актриса мамандығын игерсе де, жұмыс істеуіне қарсы екенін жасырмады.
“Әйелімнің мамандығы – актриса. Бірақ қазір кәсіппен айналысады, мектебіміз бар, жарыққа шықпауының да себебі сол. Кезінде театрда жұмыс істегісі келген, алайда мен қарсы болған едім. Ал қазір шешімімнің дұрыс екенін түсініп отырмын. Себебі оның өз тірлігі шаш-етектен, барлығына бірдей үлгере алмайтын еді”, – деді әнші.