Өскемендегі мектептердің бірінде оқушылар өзара араздасып, соңы төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы полиция депарментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, орта мектеп оқушысы екіншісіне суық қару қолданған. Ол жиналмалы пышағын алып қарсыласын ұрып тастаған. Өзі де жарақат алған. Оқушылардың бірінің қолы, екіншісінің беті кесілген. Мектепке жедел-жәрдем мен полиция шақырылды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Ана мен бала орталығы мамандарының сөзінше, олардың өміріне қауіп төнбейді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
“Барлық мән-жай анықталып жатыр. Бақылау камераларынан видеолар зерттеліп, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді”, – деді Татьяна Карпова.