Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Almaty” хостеліндегі өрт: тергеу деректері белгілі болды

“Almaty” хостеліндегі өрт: тергеу деректері белгілі болды

20.02.2024
Жаңалықтар
11
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы прокуратурасы хостелде болған өртті тергеу қалай жүріп жатқанын айтты,л деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

2023 жылғы 30 қарашада Almaty Hostel-дегі өрт болған еді. Нәтижесінде 13 қаза тапты.

Сол күні бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігінде (“Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу”) көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен жалға алушы ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді үшін сотқа дейін тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады”, – деп хабарлады Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жандос Әбдібаев.

Сотқа дейінгі тергеу барысында қаза тапқан барлық 13 адамның жеке басы анықталды, олардың денесі туыстарына берілді.

Өртте қаза тапқандардың толық және нақты тізімін құзыретті органдар әлі жарияламағанын айта кетейік.

Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, жатақхана өрттен бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Halyk Bank-ке кепіл мүлкі ретінде тиесілі болған және банк оны жалға беріп қойған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда өртенген хостелдің басшысы ұсталғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Алматы әкімдігі хостелде қаза болған қазақстандықтардың отбасына бір миллион теңгеден бөлетінін айтты.

Тег: алматыөртполициятергеухостел

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
“Бір-бірімізді түсінбейміз”: Мақпал Исабекова отбасындағы жанжалды жария етті

"Бір-бірімізді түсінбейміз": Мақпал Исабекова отбасындағы жанжалды жария етті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz